Екатерина Айдова 1000 метрге конькимен сырғанауда 16-шы орынды місе тұтты
АСТАНА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат - Конькимен сырғанаудан Қазақстанның Ванкувер Олимпиадасындағы жалғыз өкілі Екатерина Айдова 1 000 метр қашықтықта 16-шы орынды місе тұтты, оның нәтижесі - 1:17.85 секунд, бұл жарыс жеңімпазы канадалық Кристен Несбиттің нәтижесінен 1.29 секундқа кем.
Жарыстың күміс және қола жүлдесін голландиялық спортшылар Анетт Герритсен (1:16.58) мен Лаура ван Русен(1:16.72) иеленді.
Коньки спорты бойынша олимпиадалық спорт түрлерінің сарапшысы Кенжеш Сәрсекенованың атап көрсетуінше, «Екатерина үздік жиырманың қатарына кіріп отыр, бұл жақсы көрсеткіш». «Ол біздің енді жанып келе жатқан жұлдызымыз, келешекте әлі ең жоғары наградалар алады деген үміттеміз», дейді сарапшы.