Екатеринбург-Алматы трассасындағы жол апатынан төрт адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — 16 шілде күні «Екатеринбург-Алматы» тас жолында жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.

жол апаты
Фото: instagram.com/nayzakokshe

Жол көлік оқиғасы «Chery» және «Nissan Patrol» маркалы екі автокөліктің қатысуымен болған.

Оқиға салдарынан үш адам оқиға орнында көз жұмды, төртеуі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Ақмоладағы жол апаты
Фото: instagram.com/nayzakokshe

Кейін Chery Tiggo жүргізушісі алған жарақаттарынан Астана қалалық ауруханасында қайтыс болды.

жол апаты
Фото: instagram.com/nayzakokshe

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қорытынды шыққан соң процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция департаменті мұндай апаттардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушылардың, әсіресе, көлік көп жүретін жерлерде жылдамдық сақтау, көліктің техникалық жағдайын қадағалау маңызды екенін еске салады.

Бұған дейін хабарланғандай, Атырау облысында жол апатынан 2 жүргізуші мен 2 жолаушы көз жұмды.

Соңғы жаңалықтар