Екібастұзда екінші сынып оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Екібастұзда екінші сынып оқушысы көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті
Фото: Kazinform

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Екібастұзда көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлаған 2-сынып оқушысы қазіргі уақытта жергілікті аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 

Жазатайым оқиға бүгін Екібастұзда болған. Жасөспірім ашық тұрған терезедегі шыбыннан қорғайтын торға сүйенбекші болғанда тормен бірге сыртқа құлап кеткен. 

– Жазатайым оқиға туралы шақырту жедел жәрдемге сағат 13.48-де түсті. Ол көпқабатты үйдің төртінші қабатынан құлаған. 2017 жылғы туған қыз бала бірден Екібастұз қалалық ауруханасына жеткізілді, - деп хабарлады өңірлік жедел жәрдем стансасынан.

Дәрігерлер оқушының жансақтау бөлімінде жатқанын, жағдайы ауыр екенін айтады.

Биыл Екібастұзда балалардың жоғарғы қабаттан құлау оқиғалары жиілеп кеткен. Жыл басынан өңірде 6 бала терезеден абайсызда құлап, оның екеуі көз жұмды.

Бұған дейін Екібастұзда үш жасар баланың терезеден құлап кеткені туралы жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар
telegram