03:40, 09 Шілде 2025 | GMT +5
Екібастұздағы су қоймасына батып кеткен жасөспірімнің мүрдесі төрт тәуліктен соң табылды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Құтқарушылардың мәліметінше, 2009 жылы туған ер баланың мүрдесі оқиға орнынан шамамен 500 метр жерден табылған.

Екібастұз қаласына қарасты Солнечный кентіндегі Шандақсор жасанды көліне батып кеткен 2009 жылы туған жеткіншектің мүрдесі табылды.
- Баланың денесін құтқарушылар 8 шілде күні таңертеңгілік тапты. Бала Шандақсор жасанды көлінің тыйым салынған жерінде шомылып жүріп суға кеткен,-деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Еске сала кетейік, Екібастұздағы Шандақсор көліне батып кеткен 16 жастағы жасөспірімді іздеу бірден басталған еді.
Екпінді жел мен көл бетіндегі үлкен толқындар іздеуге кедергі келтіріп тұрғанына қарамастан сүңгуірлер толассыз жұмыс істеді.