Екі баласын ерткен әйелді пойыз басып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясындағы Удмуртияда  екі баласымен бірге темір жолдан  өткен әйелді пойыз басып кеткен.    
None
None

  РТК Көліктегі Привольже тергеу басқармасы осы оқиғаға байланысты тексеруді бастады. Бұл туралы  басқарманың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады "Интерфакс" агенттігі. 

 «Оқыс оқиға  сейсенбі күні Мәскеу уақытымен 12:30-да Удмуртиядағы Можга елді мекенінде болған. Жолаушылар пойызы басып кеткен әйел көз жұмды», деп нақтылады баспасөз қызметінде.

Өз кезегінде құқық қорғау органындағы дереккөз әйелдің темір жолдан кішкентай  екі баласымен бірге өткендігін айтты.

Рельс үстіне кідіріп қалған әйелді пойыз қағып кеткен, бірақ балалар зардап шекпеген.

Соңғы жаңалықтар