Екі ел басшылары Австрияда Қазақстан мәдениеті жылын және Қазақстанда Австрия мәдениеті жылын өткізуге уағдаласты

ВЕНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан және Австрия президенттері өзара екі елдің мәдениеті жылдарын өткізуге уағдаласты.

Екі ел басшылары Австрияда Қазақстан мәдениеті жылын және  Қазақстанда Австрия мәдениеті жылын өткізуге уағдаласты

«Біздің елдеріміз арасында туризмді дамыту, адамдар арасындағы қарым-қатынастарды көбірек дамыту қажет. Біз Президент мырзамен Австрияда Қазақстан мәдениеті жылын және өзімізде Австрия мәдениеті жылын өткізуге уағдаластық», - деп хабарлады бүгін Венадағы «Хофбург» сарайында АР Федералдық президенті Хайнц Фишермен кездесуден кейін брифингіде біздің Мемлекетіміздің басшысы.