Екі өңірде арнайы операция өтіп, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі өңірінде «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
None
None

26 наурызда ҚР Ішкі істер министрлігі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, сондай-ақ арнайы жасақ бөлімшесінің қатысуымен Алматы қаласында және Алматы облысында арнайы операция өткізді. Оның барысында «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелерін ұстады. Топ мүшелері бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

«Жүргізілген арнайы операцияның нәтижелері бойынша ұсталғандардан екі «Калашников» автоматы, аңшылыққа арналған 5 шолақ мылтық, екі жауынгерлік тапанша, «Калашников» пневматикалық автоматы, «Ф-1» қорғаныс қол гранатасы, оқ өтпейтін екі кеудеше, аңшылық пышақ, түрлі калибрлі 350-ден астам оқ-дәрі, сондай-ақ 5700 АҚШ доллары және 107 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражат тәркіленді.
Қазіргі уақытта ұсталған адамдардың өзге де ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде жасалған қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа да қатысушыларын анықтау және ұстау бойынша жұмыс жалғасуда. Ұсталған адамдарға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді полициядан.



Соңғы жаңалықтар