Екібастұзды дамыту: ГРЭС-2 жобасы қашан аяқталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ГРЭС-2 жобасы бойынша Екібастұзда қуаты 636 МВт болатын энергия блогын салу жсопарланып отыр. ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев Үкімет отырысында осы жобаның қашан аяқталатынын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Екібастұздағы ГРЭС-2 кеңейту және реконструкциялау жобасы 2025 жылға дейін қуаты 636 МВт болатын жаңа энергия блогын салуды көздейді.

Аталған жобаны іске асырғаннан кейін станцияның белгіленген қуаты 1000 МВт-тан 1636 МВт-қа дейін ұлғаятын болады. Жобаны іске асырушы – «Самұрық-Энерго». Қазіргі уақытта жобалау-сметалық құжаттаманы түзету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оны биылғы жылдың желтоқсан айында аяқтау күтілуде», - деді Мағзұм Мырзағалие.

Айта кетейік, бүгі Үкімет отырысында Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары мақұлданды.

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, қаланың дамытуға алдағы үш жылда 932,8 млрд теңге жұмсалмақ.

«Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, тұрғын үй инфарқұрылымын, әлеуметтік саланы дамытуды, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экологиялық мәселелерді жақсартуды көздейтін 114 іс-шарадан тұрады. Жоспарды іске асыратын инвестициялардың жалпы сомасы 932,8 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 64,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 33,5 млрд теңге, жеке инвестициялар 834,6 млрд теңге», - деді министр.


Соңғы жаңалықтар