Екібастұзды дамытуға 932,8 млрд теңге жұмсалады
ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша, қаланың дамытуға алдағы үш жылда 932,8 млрд теңге жұмсалмақ.
«Кешенді жоспар инвестициялық жобаларды іске асыруды, тұрғын үй инфарқұрылымын, әлеуметтік саланы дамытуды, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экологиялық мәселелерді жақсартуды көздейтін 114 іс-шарадан тұрады.
Жоспарды іске асыратын инвестициялардың жалпы сомасы 932,8 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде республикалық бюджеттен 64,7 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 33,5 млрд теңге, жеке инвестициялар 834,6 млрд теңге», - деді министр.
Оның айтуына қарағанда, қарастырылып отырған соманы негізгі бөлігі экономикалық салаларға бағытталмақ.
«Жалпы сомасы 822,3 млрд теңгеге қаланың экономикасын дамыту үшін өнеркәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді, энергетиканы, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған 35 іс-шараны іске асыру көзделген», - деді Әсет Ерғалиев.