Экология министрі далада таң асырған көлігін 5 минут ішінде қалай қыздырғанын көрсетті

АСТАНА. KAZINFORM — Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында журналистерге берген уәдесін орындап, түні бойы далада тұрған көлігін таңертең 5 минуттың ішінде қалай қыздырғанын көрсетті.

Достаточно ли 5 минут для прогрева авто: министр экологии провел эксперимент
Фото: Видеодан скриншот

— Қайырлы таң! Міне бастадық, мотор мүлдем суық, қатып тұр. Бүгін түнде «-17» градус (ауа температурасы — ред) болды. Бұл жөнінде интернеттен біраз мағлұмат қарадым. Ол жерде әр түрлі пікір бар. Бірақ жалпы көлік қозғалтқышының температурасы 50 градус болғанда қозғалуға болады дейтін пікір басым болып шықты, — деп басталады министр түсірген видео.

Министрліктің баспасөз қызметі берген мәліметке сүйенсек, видеодағы көліктің маркасы — Hyundai Palisade.

— Министр мемлекеттік қызметке қайта келгеннен бері қызметтік көлікпен жүреді. Ал осы эксперимент үшін отбасылық көлікпен видеоға түскен. Толық жетекті, автомат қорапты, 2022 жылы шығарылған автомобиль, — деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Еске салсақ, Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев көлікті ұзақ қыздырудың экологияға зияны туралы пікір білдірген еді. 

Кейін тіпті қыстың аязында да көлікті 5 минут ішінде қыздыруға болатынын дәлелдеу үшін арнайы видео түсіруге уәде берген болатын.

Соңғы жаңалықтар