Экология министрлігі Тұран жолбастарын жерсіндіруге бюджеттен ақша сұрап отыр

АСТАНА. KAZINFORM – Экология және табиғи ресурстар министрлігі Тұран жолбарыстан жерсіндіру мен күтіп-баптауға бюджеттен биыл 778 726 000 теңге, ал 2026 жылы 370 148 000 теңге көмек сұрады.

Зоопарк Алматы Алматы хайуанаттар бағы тигр жолбарыс
Фото: Александр Павский/Kazinform

Ашық бюджеттер порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Тұран жолбарыстарын жерсіндіріп, жағдай жасау үшін және Ұлытау тау сілемінің табиғи және тарихи-мәдени объектілерін сақтауға мемлекеттік бюджеттен 1 млрд теңгеден астам қаржы қажет.

Еске салсақ, былтыр күзден бері «Іле-Балқаш» резерватында екі жолбарыс жерсіндіріліп жатыр. 

Былтыр желтоқсанда «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында жолбарыстар алғаш рет қыстап жатқаны айтылды. 

Сондай-ақ биыл Ресейден Балқашқа 3-4 жолбарыс әкелінетіні мәлім етілді.

Одан бөлек, елімізге Амур жолбарысын әкеліп жерсіндіретіні айтылды.

Соңғы жаңалықтар