Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі АҚШ Елшісімен кездесті

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат – Бүгін ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ричард Хоугландпен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Министр американ дипломатын АҚШ-тың 44-ші президенті Барака Обаманы ұлықтау рәсімімен құттықтады.Кездесудің барысында екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелері талқыланды. Атап айтқанда Б.Сұлтанов Қазақстан мен АҚШ-тың арасындағы экономикалық даму бағдарламасына «жоғары баға қоюға болады, өйткені ол бірнеше жылдан бері ойдағыдай жүзеге асырылып келеді», деп атап өтті.Министр, сондай-ақ Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының жұмысын реттеу агенттігінің дағдарысқа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспары және оны іске асыруда жүзеге асырылып жатқан шаралар туралы айтты. Р.Хоугланд министрге «көпжақты талдау нәтижелері бойынша толық ақпарат бергені үшін» алғыс айтты.Кездесудің соңында Б.Сұлтанов АҚШ Елшісін наурыздың 11-12-сі күндері елордада ІІ Астана экономикалық форумы өтетіні туралы хабардар етті.
Соңғы жаңалықтар