Экономикалық өсімнің орталығы Батыстан Азияға қарай ауысты - Лондондағы бизнес-форум

НДОН. 20 қазан. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Экономикалық өсімнің орталығы Батыстан Азияға қарай ауысты. Бұл туралы бүгін Лондонда өтіп жатқан Қазақстандық бизнес-форумда Ұлыбританияның Сауда және инвестициялар жөніндегі мемлекеттік министрі лорд Стивен Грин мәлім етті.

Экономикалық өсімнің орталығы Батыстан Азияға қарай ауысты - Лондондағы бизнес-форум

«Халықаралық инвестициялар бүгінгі жоспарда өте маңызды және бұл баршамызға қатысты. Ұлыбританияның халықаралық байланыстарына тоқталатын болсақ, әлемнің көптеген дамыған елдерімен біздің қарым-қатынастар өте жоғары деңгейде. Алайда олардың кейбіреулері дамудың жоғары деңгейін көрсетпей отыр. Біздің экспорттың елу пайызы Еуропалық аймаққа бағытталуда», - деп тоқталған министр, «Дегенмен де енді даму деңгейі жоғары мемлекеттермен де қарым -қатынастарды дамытуды жалғастыру қажет. Оны жаңа әлем деп бағалауға болады. Бұрындары біз Батыс жиырма бірінші ғасырдың аймағы деп айтушы едік, қазіргі кезде бұл көзқарасты Шығысқа қарай бұрып отырмыз. Экономикалық өсімнің орталығы Батыстан Шығысқа қарай, Солтүстіктен Оңтүстікке ауысты», - деді.

Оның пайымдауынша, жиырма бірінші ғасырда Азияның өркендеуі басымдықты фактор болмақ. Бұл өз кезегінде барша үкіметтердің, бизнестердің жұмысына ықпал етеді.

«Қытай, Үндістан секілді ірі мемлекеттер көп назар аудартып отыр. Алайда, Азия өңіріндегі басқа өңірлерге де, әсіресе Ұлыбритания Қазақстанға қарай бұдан әрі қарай да негізделуі тиіс», - деді лорд Стивен Грин.

Қазақстан мен Ұлыбританияның қарым-қатынасы инвестициямен қатар сауда саттық бағытында да дамып отыр. Соңғы жылдары Қазақстанның экономикасы өте жақсы дамып келе жатқанына тоқталған ол, осы орайда Қазақстанға Англияның қызығушылығы жоғары екенін айрықша атап өтті.

«Екі елдің байланыстары тек коммерциялық тұрғыда ғана емес, сонымен қатар білім, мәдениет салаларында да ұзақ мерзімді өзара түсіністікті орнатуда маңызды", - деп түйіндеді ол.