01:10, 31 Мамыр 2013 | GMT +5
«ЭКСПО - 2017» көрмесіне дайындық аясында қазақ-кәріс жұмыс тобы құрылады
АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - 31 мамыр күні Алматыда Қазақстан - Корея Іскерлік кеңесінің IIІ отырысы өтеді.

Сауда өнеркәсіп палатасының баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеңес отырысына «LG International», «Hyundai Corporation», «Daewoo» сынды халықаралық корпорациялардың өкілдері қатысады. Онда Қазақстан мен Корея арасындағы қаржы-инвестициялық ынтымақтастық мәселесі талқыланады. Негізгі мәселелердің бірі - Астанадағы «ЭКСПО - 2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында баламалы энергия көздері бойынша жұмыс тобын құру. Отырыс соңында бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.