Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«ЭКСПО-2017» көрмесінің жетістігі де, ел абыройы да қауіпсіздік деңгейіне байланысты болады - Ж. Асанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болуы мүмкін қауіп-қатерлерден қоғамдық қауіпсіздіктің толық жүйесін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсете отырып, Бас Прокурор көрменің жетістігі де, ел абыройы да қауіпсіздік деңгейіне байланысты болатынын айтты.

«ЭКСПО-2017» көрмесінің жетістігі де, ел абыройы да қауіпсіздік деңгейіне байланысты болады - Ж. Асанов

Ол бұл туралы  ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметінен.

Осы мақсатта Бас Прокурор смарт-технологиялар мен IT-шешімдерді кеңінен қолдануды ұсынды. «Смарт-технологияларды пайдалану. Бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы. Елорда әкімдігі «ақылды қала» жүйесін құруда. Қауісіздік бойынша да жаңа IT-шешімдер қажет. Біз ең озық әлемдік тәжірибені алуымыз керек», - деді ол.

Бас Прокурордың пікірінше, мұндай деңгейдегі іс-шаралар қисынды шектеулерсіз мүмкін емес. «Сочиде митингілер мен демонстрацияларға шектеу қойылған. Қару саудасына тыйым салынған. Басқа қалалардан келетін көліктердің кіруіне жол жабылған. Бізге де осыны ойластыру қажет. Бұл әлемдік тәжірибе және барлық жерде мұны адамдар түсінеді», - деді Ж.Асанов.