14:03, 29 Мамыр 2015 | GMT +5
«ЭКСПО-2017» нысандары 2016 жылдың күзінде толық дайын болады - Н.Назарбаев
БУРАБАЙ. ҚазАқпарат - «ЭКСПО-2017» нысандары 2016 жылдың күзінде толық дайын болады. Бұл туралы бүгін Ақмола облысына қарасты Бурабай кентінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттер делегациялары басшыларымен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындалудамыз. Барлық құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2016 жылдың күзіне қарай барлық нысандар дайын болады. Барлық мемлекеттерді өз павильондарымен қатысуға шақырамыз және біз оларға барлық жағынан көмек беретін боламыз»,- деді ҚР Президенті.
Осы ретте Елбасы көрме жаңа энергетика тақырыбында өтетіндігін, онда әлемде бар барлық балама энергетика мүмкіншіліктері көрсетілетіндігін атап өтті.
«Тек жел мен судың ғана емес, жылудың химиялық көздерінің, жер қойнауы жылуын, биологиялық жылу көздерін көрсететін боламыз», - деді Мемлекет басшысы.