Эквадордан келген гүл партиясынан батыс гүл трипсі анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Эквадор Республикасынан келген раушан гүлдерінен сынамалар алынды. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады. 

Эквадордан келген гүл партиясынан батыс гүл трипсі анықталды
Фото: АШМ

«Сарыарқа» халықаралық әуежайының фитосанитариялық бақылау бекетінде Қарағанды облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторы карантинге жатқызылған өнімді импорттау кезінде бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізу барысында фитосанитариялық талаптарға қайшы әрекеттерді анықтады.

Бақылау іс-шаралары аясында Эквадор Республикасынан келген раушан гүлдерінен сынамалар алынды.

Жалпы көлемі 50 695 дана.

«Фитосанитария» РМК Қарағанды облыстық филиалының сараптама қорытындысына сәйкес, гүлдердің бір бөлігінен карантиндік нысан — батыс гүл трипсі табылып, әкімшілік іс қозғалды.

Материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес процестік шешім қабылдау үшін сотқа жолданды.

АШМ МИК сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға ел аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде фитосанитариялық заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Айта кетелік Ұлытау облысын жатаған укекіре жайлап, карантин енгізілген еді

Соңғы жаңалықтар