11:22, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан аккредителген байқаушылар саны 40 адамға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан аккредителген байқаушылар саны 40 адамға жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім етті.

«Бүгінгі күні ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясынан аккредителген байқаушылардың саны 40 адамға жетіп отыр. Олар 19 елдің, оның ішінде Австрия, Германия, Грузия, Дания Корольдігі, Ирландия Республикасы, Молдова, Нидерланды елдерінің байқаушылары», - деді ол.
Оның алға тартқан деректеріне сәйкес, Ресейден 6, Германиядан 5, Америка мен Ұлыбританиядан 4-тен байқаушылар тіркеліп отыр.