ЕҚЫҰ-ға орта және алыс перспективаға арналған экономикалық өлшемдер бойынша жол басшы жаңа құжат әзірлеу қажет -ҚР Президенті

Бүгін ІІІ Астана экономикалық форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай пікір білдірді.
«Көптеген мемлекеттер G-8, G-20, Шанхай ынтымақтастық ұйымы секілді түрлі ықпалдастық формацияларға қатыса отырып, күн тәртібінде тұрған негізгі мәселе ретінде дағдарыстан кейінгі даму мәселесін белсенді түрде талқылауда. Ал ЕҚЫҰ аясында дағдарыстық және дағдарысты еңсеру проблемасы алдын ала деңгейде болсын талқыланған жоқ. Сондықтан мен «Маастрихт плюс» деп шартты түрде атауға болатын жаңа құжатты әзірлеуге кірісуды ұсынамын», деп атап өтті Президент.
Елбасының айтуынша, бұл жаңа құжат өзгерген әлемнің нақты қазіргі замандағы дағдарыстан соңғы жағдайын көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, ортаңғы және алыс перспективаға жол сілтеуі қажет. «Біз мұны Астанада биылғы жылдың соңында өткізуді жоспарлап отырған ЕҚЫҰ мемлекет басшылары саммитінде талқылауды ұсынамыз», деп атап өтті Мемлекет басшысы.