ЕҚЫҰ-ға төрағалығы аясында Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында тығыз ынтымақтасуды көздеп отыр
Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Қоршаған орта және даму» атты Азия және Тынық мұхиты аймағы елдері Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің алтыншы конференциясының қарсаңындағы Консультативтік кеңестің екінші кездесуінде ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық стандарттарын енгізу департаментінің директоры Александр Брагин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ЕҚЫҰ-ға төрағалық аясында 2010 жылы Қазақстан қоршаған ортаны қорғау саласында орнықты даму қағидаты негізінде трансшекаралық және экологиялық проблемаларды шешу, Еуразия кеңістігінде транзиттік-көлік дәліздерін дамытудың экологиялық аспектілері, жаңартылатын ресурстар мен энергияларды тиімді пайдалану, сандық мақсатты көрсеткіштердің негізінде орнықты даму қағидаттарын анықтау және оларды өмірге етене енгізу сында бағыттарда тығыз ынтымақтасуды көздеп отыр», деді кездесуде А. Брагин.
Елімізде 2009 жылы «Еуропа жол» атты мемлекеттік бағдарлама қабылданғанын еске салған ол: «Бағдарлама Еуропалық елдермен жан-жақты, соның ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Бүгінде бұл бағдарламаның жүзеге асырылуына айрықша маңыз беріліп отыр», деді.