ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы таулы-қарабақ шиеленісі аймағында түйісу сызығы бойында оқ атуды тоқтату режимінің соңғы кездері бұзылуын үзілді-кесілді айыптайды

АСТАНА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Мемлекеттік хатшы - ҚР Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев бүгін мәлімдемені жасады, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

«ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы таулы-қарабақ шиеленісі аймағында түйісу сызығы бойында оқ атуды тоқтату режимінің соңғы кездері бұзылуын үзілді-кесілді айыптайды.

ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы оқ атпау туралы режимнің кез-келген өрескел бұзылуы Минск конференциясы аясында жүргізіліп жатқан келіссөздер үдерісін тұрақсыздандырып құрылымдық диалогтың ынталандыру мүмкіндіктерін шектейтінін атап өтті. Осыған байланысты о2010 жылғы қыркүйектің 6-сындағы Минск тобы төрағаларының шиеленіс тараптарын өздеріне шектеу қойып, оқ атпау туралы келіссөзді қатаң ұстануға және өзара айыптайтын жария мәлімдемелерден бас тарта тұруға шақырған үндеуін қолдайды.

Минск тобының төрағалары Астанадағы ЕҚЫҰ саммиті алдындағы үстіміздегі жылдың күзі бойына таулы-қарабақ проблемасын реттеуді іздестіруге бағытталған тиісті шаралары осы ұзаққа созылған шиеленістің екі тараптары да шынайы мүдделі болғанда ғана белгілі бір нәтиже береді».

Соңғы жаңалықтар