ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы Украина сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті

СТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Бүгін ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Украина сыртқы істер министрі Константин Грищенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Әңгіме барысында сыртқы саясат ведомстволарының басшылары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы айда болатын Украинаға ресми сапарына әзірлік және оны өткізу мәселелерін талқылады және оның жоғары деңгейдегі Астана мен Киев арасындағы диалогты тереңдетуге және кеңейтуге жаңа маңызды серпін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Қазақстанның елордасында осы жылғы желтоқсанның 1-2-сінде өтетін ЕҚЫҰ Саммитінің күн тәртібі мәселелері де қаралды.

Соңғы жаңалықтар