ЕҚЫҰ Қазақстанның төрағалығымен шын мәнінде әмбебап мазмұнға ие болады деген үміттеміз - РФ Үкіметінің төрағасы
СКЕУ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ Қазақстанның төрағалығымен, шын мәнінде өзінің әмбебап мазмұнына ие болады және о баста негізделген мәселелермен айналысады деген үміттеміз.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен болған кездесу барысында Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Владимир Путин осылай айтты, деп хабарлайды РФ Үкіметінің ресми сайты.
«Қазақстан ағымдағы жылы ЕҚЫҰ төрағасы болып табылады. Осы жұмысында Қазақстанға табыстар тілегім келеді. ЕҚЫҰ-тың соңғы жылдардағы жұмысына байланысты біздің сауалдарымыз көп», - деп атап көрсетті В.Путин.
РФ Үкіметінің басшысы өз сөзінде атап көрсеткендей, посткеңестік кеңістіктің елі алғаш рет осынау халықаралық ұйымға төраға болып отыр. «Бұл, ең алдымен қауіпсіздік бойынша мәселелерді талқылайтын және тек посткеңестік кеңістікте ғана емес, құрлық бойынша демократияны ілгерілету және нығайту жөніндегі мәселелер талқыланатын жақсы алаң болады», деді ол өз сөзінде.