ЕҚЫҰ мемлекеттерінің басым бөлігі кездесудің 2010 жылы жоғары деңгейде өткізілу идеясын қолдайды - ҚР Президенті

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат /Данияр Сиқымбаев/ - Қазақстан оңай шешім қабылдаған жоқ, ЕҚЫҰ төрағасы ретінде ағымдағы жылдың соңында Астанада ЕҚЫҰ саммитін өткізуді ұсынды.

ЕҚЫҰ мемлекеттерінің басым бөлігі  кездесудің 2010 жылы жоғары деңгейде өткізілу идеясын қолдайды - ҚР Президенті

Бұл туралы сыртқы істер министрлірінің бейресми кездесуінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті.

«Мұндай саммит Ыстамбұлдан кейін 11 жыл ішінде болған жоқ. Жоғары деңгейдегі кездесу ЕҚЫҰ-ның қазіргі шақыртулар мен қауіп-қатерге бейімделуіне қуатты серпін беріп қана қоймай, ұйымның беделін арттырып, еуропалық және еуразиялық қауіпсіздік сәулетінде оның рөлін күшейтеді», деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«Сіздерге белгілі болғандай, ЕҚЫҰ мемлекеттерінің басым көпшілігі кездесудің 2010 жылы жоғары деңгейде өткізілу идеясын, әсіресе, оның ұжымдық қозғаушысы біз болып табылатын ТМД елдерін қолдайды. Сонымен қатар менің әріптестерім - Орталық Азия елдерінің президенттері қолдау білдіреді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.