ЕҚЫҰ-на төрағалық етіп отырған Қазақстан Қырғызстанға көмек тарту үшін Халықаралық донор конференциясын ұйымдастыруға мүдделі

АСТАНА. Шілденің 12-сі. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ-ның Іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев пен Қырғызстан Республикасының Президенті Роза Отынбаеваның телефон арқылы сөйлесуі болды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
None
None

Тараптар шілденің 4-і күні Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Роза Отынбаеваның кездесуі барысында келісілген Қырғызстанның экономикалық жандану бағдарламасы бойынша қолданылатын шараларды талқылады.

Р.Отынбаева ҚР Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен құрамына Қазақстанның сәйкес министрліктерінің басшылары кіріп, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Шөкеев бастаған жоғары деңгейдегі жұмыс тобы құрылғандығы туралы ақпаратты ризашылығымен қабылдады.

Сонымен қатар, ЕҚЫҰ-на төрағалық етіп отырған Қазақстан Қырғызстандағы инвестициялық портфельді қалпына келтіріп, көмек тарту үшін Халықаралық донор конференциясын ұйымдастыруға мүдделі.

Соңғы жаңалықтар