20:13, 13 Қаңтар 2010 | GMT +5
ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы Австрия президентімен кездесті
ВЕНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Бүгін Венада ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы - Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер минстрі Қанат Саудабаев Австрия Президенті Хайнц Фишермен кездесті, оның барысында сұхбаттасушылар екіжақты ынтымақастықтың ағымдағы жай-күйі және преспективалық бағыттары туралы пікір алысты.

Қазақстандық сыртқы саясат ведомствосының басшысы австриялық президентке біздің мемлекетіміз көшбасшысының ағымдағы жылы республикамызға сапармен келіп қайтуға шақыруын тапсырды.