12:30, 26 Қыркүйек 2009 | GMT +5
ЕҚЫҰ-ның Тәжікстандағы бюросының басшысы Қазақстанның Ұйымға төрағалығын жан-жақты қолдайды
АНА. Қыркүйектің 26-сы. ҚазАқпарат - Жұма күні Душанбеде Қазақстанның Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Әутәліп Ахметовтың ЕҚЫҰ-ның Тәжікстандағы бюросының басшысы Ивар Виккимен кездесуі болды,
деп хабарлайды елшілік.
«Қазақстан ЕҚЫҰ кеңістігінде төзімділікті қолдауға, түрлі мәдениеттер, діндер және ұлыстар өкілдері арасындағы диалогқа ықпал ете алады», - деді И.Викки.
Өз тарапынан қазақстандық дипломат әріптесіне Қазақстанға жоғары сенім білдіргені және қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді, сондай-ақ жемісті ынтымақтастыққа сенім танытты.