Ел өңірлерінде автокөлікті техникалық байқаудан өткізу қанша тұрады
АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде 7 жылдан жоғары жүрген автокөлікті техникалық байқаудан өткізу керек. Осы орайда Kazinform агенттігі техникалық байқаудан өткізудің ережелері мен кезеңі және бағасына шолу жасаған еді.
Ережелер, мерзім және айыппұл
Диагностикалық карта берілетін техникалық байқау – Қазақстан аумағында тіркелген барлық автокөлік құралдары үшін міндетті. Бұл тексеру жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.
Сонымен қатар, шетелдік механикалық көліктер мен тіркемелер де «Жол қозғалысы туралы» Заңның 88-бабына сәйкес тексеруден өтуі керек.
Жеті жылдан асқан (шығарылған жылын қоса алғанда) кәсіпкерлік үшін пайдаланылмайтын жеңіл жеке автокөліктерді әр 12 ай сайын техникалық байқаудан өткізу міндетті.
Жеңіл автомобильдер М1 санатына жатады - бұл жолаушыларды тасымалдайтын және жүргізуші орнынан басқа, 8 орыннан аспайтын автомобильдер.
Биыл 2016 жылғы автомобильдер техникалық бақылауға жатады.
«12 ай» ережесі қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған көліктерді қоспағанда, N1-3, O1-4, L1-7, G санатындағы автомобильдерге, арнайы және мамандандырылған көліктерге де қатысты.
Ал автомобиль саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын M1 санаттағы, М2, М3, N санаттағы, адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған M1, N1-3, және O1-4 санаттарындағы көлік құралдары 6 ай сайын техникалық байқаудан өтуі тиіс.
Техникалық байқаудан өту мерзімін бірыңғай ақпараттық жүйесінің сайты арқылы тексеруге болады.
Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқарғаны үшін ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 590-бабына сәйкес 5 АЕК (2024 жылы 18 460 теңге) мөлшерінде айыппұл төлеуге тура келеді. Егер айыппұл салынғаннан кейін бір жыл ішінде құқық бұзушылық түзетілмесе, онда айыппұл 20 АЕК-ке өседі.
Процедураның өзі небәрі 15 минутты алады. Әр қалада бірнеше техникалық орталық нүктелері бар.
Сонымен қатар, «техникалық тексерудің диагностикалық картасы» цифрландырылған және EgovMobile-дағы жеке кабинетте сақталады. Сандық құжат тексеруші органдардың дерекқорында сақталады және оны онлайн режимде тексеру мүмкіндігі бар.
Шетелдік нөмірлері бар автомобильдер үшін Қазақстан аумағына кірген сәттен бастап кеткенге дейін 90 күннен артық болса, міндетті түрде техникалық байқау жүргізіледі. Шетелдік автокөліктер үшін Қазақстанда 1815 техникалық қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.
Қандай құжаттар қажет?
Міндетті техникалық байқаудан өту үшін авто иесі техникалық байқау операторына автокөлігі мен оның мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті көрсетуі тиіс. Салық, сақтандыру және техникалық төлқұжат сияқты қалған деректерді жалпы база арқылы бақылауға болады, бастысы - мемлекеттік нөмірдің болуы және оның техникалық паспортқа сәйкестігі.
Автокөлікті тексеру тізіміне не кіреді
Келесі параметрлерді тексеріңіз:
— Тежегішті басқару
— Рульді басқару
- Әйнектің көрінісі
- Сыртқы жарықтандыру құрылғылары
- Дөңгелектер, шиналар, аспа
- Газдағы зиянды заттардың мөлшері
- Шасси тораптары мен агрегаттарының бекітпелерінің жай-күйі мен жұмыс істеуі
- Басқа да жабдықтардың жай-күйі мен жұмыс істеуі (қауіпсіздік белдіктері, спидометр, алғашқы көмек қобдишасы, өрт сөндіргіш және т. б.).
Техникалық қызмет көрсету орталықтарындағы баға 3000 теңгеден 7000 мың теңгеге дейін барады.
Төмендегі инфографикадан өңірлеріндегі орташа бағаны келтірдік.