Ел Президентінің бастауымен толеранттық, этникаралық татулық пен конфессияаралық келісім идеясын Қазақстанда ғана емес, ЕҚЫҰ кеңістігінде тарату маңызды - Хосе де Венесиа

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Бүгін «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Орталық аппаратында партия төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясының (АСПХК) тең төрағасы, ІІІ Астаналық экономикалық форумының қатысушысы Хосе де Венесиамен кездесті, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
None
None

Кездесу барысында әңгімелесуші тараптар АСПХК қызметінің мәселелерін талқылады. «Нұр Отан» партиясы конференцияның және оның Тұрақты комитетінің құрамындағы белсенді мүшелерінің бірі болып табылады. Азиялық саяси партиялар халықаралық конференциясы - даму серпіні оның мүшелері санының тұрақты өсуімен сипатталатын Азиядағы ірі ұйымның бірі. Қазіргі таңда ұйымның құрамына әлемнің 52 елінен 318 саяси партия кіреді. Өткен жылғы күзде АСПХК Бас Ассамблеясының бесінші отырысының төрағасы болып «Нұр Отан» партиясы бірауыздан сайланды, Ол сондай-ақ Ислам конференциясы ұйымының және ұйымның Тұрақты комитетінің мүшесі.

«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин ел Президенті, партия Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сараланған және стратегиялық саясатының арқасында Қазақстан жыл сайын халықаралық алаңда өз ұстанымын барынша күшейтуде екенін, ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстан Қырғыстандағы жағдайды тұрақтандыруға нақты үлес қосқанын атап өтті.

Өз кезегінде Хосе де Венесиа ел Президентінің бастауымен толеранттық, этникаралық татулық пен конфессияаралық келісім идеясын Қазақстанда ғана емес ЕҚЫҰ кеңістігінде тарату маңыздылығының рөлін атап өтті.

Хосе де Венесианың пікірінше, Қазақстан үлкен жиырмалыққа кіріп, онда Орталық Азия аймағының қуатты әлеуетін білдіруге толық хақылы.

Соңғы жаңалықтар