Елбасы: 20 жылға жуық уақыт бойы Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы үздіксіз өсу және нығаю жолымен дамып келеді (ФОТО)

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 20 жылға жуық уақыт бойы Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы үздіксіз өсу және нығаю жолымен дамып келеді. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан
None
None

Назарбаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен екіжақты келіссөздер барысында мәлім етті. «Мен бұл қатынастарды жоғары бағалаймын. Міне, 20 жылға жуық уақыт бойы Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы үздіксіз өсу және нығаю жолымен дамып келеді. Бұған Сіздің ағымдағы жылдың мамыр айында уағдаластық негізде Қазақстанға жасаған сапарыңыз жол ашып отыр. Сізді және бүкіл Қытай халқын екі айырықша оқиғамен: жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы қытай халқы жеңісінің 70 жылдығымен, сондай-ақ Бейжің қаласының Қысқы олимпиада ойындары астанасы болып таңдалуымен құттықтағым келіп отыр. Бейжің әлемдегі жазғы және қысқы Олимпиада ойындары өткен дара қала болып табылары анық», - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, Бұл Н.Назарбаев пен Си Цзиньпиннің осы жылғы төртінші және ҚХР Төрағасының өз қызметіне кіріскен сәтінен бергі оныншы кездесуі. Н.Назарбаевтың Қытайға мемлекеттік сапары 3 қыркүйекке дейін жалғасады. Бейсенбі күні Елбасы қытай халқының жапон басқыншыларына қарсы соғыстағы жеңісінің 70 жылдығына арналған салтанатты парадқа қатысады.

Соңғы жаңалықтар