16:31, 30 Қараша 2015 | GMT +5
Елбасы «2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2016-2020 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің базалық болжамы және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы негізінде әзірленген
«2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.