Елбасы АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы Д. Петреусті қабылдады

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ Орталық қолбасшылығының қолбасшысы Дэвид Петреусті қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қабылдаудан кейін болған брифингте Д. Петреус бұл өзінің Орталық Азия өңіріне, соның ішінде Қазақстанға тұңғыш сапары екендігін айта келе, Мемлекет басшысымен сындарлы кездесу өткізгендігін атап көрсетті. Оның айтуынша, жүздесуде Ауғанстандағы, Ирактағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері, бұл тұрғыда Қазақстанның қосып жатқан үлестері талқыланған. Сондай-ақ Иран мәселесі де әңгіме өзегіне айналған. Ирактағы жағдайға тоқталған Д. Петреус Қазақстанның бітімгершілік күштерінің бұл елдегі атқарған қызметтеріне жоғары баға беретіндігін атап көрсетті. Оның айтуынша, Қазақстанның инженерлік-саперлік отряды Иракта борышын өткерген жылдар ішінде 5 миллионнан астам жарылғыш заттарды жойып, Ирактың жүздеген қарапайым азаматтарына медициналық көмектер көрсетті. Сондай-ақ Ирактың қауіпсіздікті орнату жөніндегі күштерінің өкілдеріне жарылғыш заттарды залалсыздандыру техникасын үйреткен. Д. Петреус Ирактағы көрсеткен еңбектері үшін бүгін, Астанада Қазақстанның бітімгершілік күштерінің жауынгерлерін марапаттау рәсіміне қатысқанын атап көрсетті. «Біз сондай-ақ Президент мырзамен Ауғанстандағы Қазақстан мен АҚШ-тың өзара мүдделеріне, сондай-ақ Ресей мен Қытайды қосқандағы коалицияға қатысушы елдердің мүдделеріне қатысты мәселелерді талқыладық. Біздің ортақ мүддеміз - Ауғанстан аумағынан экстремизмнің экспанциялануына жол бермеуге, сондай-ақ есірткі тасымалының көлемін қысқартуға саяды», деді Д, Петреус. Д. Петреус кездесуде Н. Назарбаевқа коалицияға қатысушы елдер ұшақтарының ұшып өтуі үшін Қазақстанның әуе кеңістігін ұсынғаны үшін алғыс білдіргенін жеткізді. «Сондай-ақ Президентке Қазақстан аумағы арқылы Ауғанстанға әскери емес мақсаттағы жүктер мен тауарларды транзиттеу туралы келісімге қол қойғаны үшін алғыс айттым», деп қосты ол. Оның сөзіне қарағанда, Ресей де жақында осындай келісімге қол қойған. «Бізде өте жемісті кездесу болды. Көріп отырғанымыздай, біз қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді кең ауқымда талқыладық. Олар бізге екіжақты қарым-қатынастарды кеңейтуге, одан әрі дамуымызға көмектесетініне сенімдімін», деді Д. Петреус.
Соңғы жаңалықтар