Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы - әлем мойындаған ұлы тұлға - З.Сисенғали, Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы

ОРАЛ. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Тұңғыш Прези​дентіміз Н.Назар​баев - әлем мо​йын​даған ұлы тұлға, бейбітшілік пен ын​тымақ жолындағы қажымас қайраткер. Бұл туралы Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы Закария Сисенғали мәлім етті.

Елбасы - әлем мойындаған ұлы тұлға - З.Сисенғали, Жаңақала аудандық мәслихатының хатшысы

Оның айтуынша, қоғам мен уақыт қойған міндеттерді орындаудағы Елбасы атқарған істерге баға жетпейді, ал алда одан да ма​ңызды тарихи істерді жүзеге асырарына сенім мол.

Қазір дүние алмағайып кезеңді бастан өткеруде. Оған Еуропаны күйдіріп келе жат​қан қаржы дағдарысы, шетінен күйреп жатқан Африка, Азия елдеріндегі көріністер куә.

Бізге қазір ең қымбаты - қысыр сөз, қы​зыл тіл емес, азат елдің ары мен айбыны, көреген Елбасымыздың абыройы мен айбыны.

Сондықтан біз егемен еліміздің Елтаң​басын көтеріп, көк Туын ұстап отырған Елбасымыздың жанына тығыз топтасуымыз қажет.

«Ендеше, ел Парламенті белгілеген мемлекеттік мереке - Тұңғыш Президент күні біздің елдігімізді еңселендіретін ерек​ше мейрам.

Мереке құтты болсын, ағайын!», деді З.Сисенғали.