Елбасы Астаналық ІІ Экономикалық форумның табысты өтетініне сенім білдірді

АСТАНА. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесіндегі экономикалық қауіпсіздігі» атты тақырыпта Астаналық ІІ Экономикалық форумды ашып, сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астаналық форумның жемісті өтетініне сенім білдірді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгін Астанада ІІ Экономикалық форумға жиналған әлемнің жетекші компаниялары мен даму институттарының белгілі саясаткерлері мен ғалымдарымен жүздескеніме өте зор қуаныштымын. Күллі адамзат баласын толғандырып келе жатқан жаһандық экономикалық қауіпсіздік мәселелерін жан-жақты талқылап, жаңа ұсыныс пікірлерімізді білдіріп, ой бөлісіп, өзара тәжірибе алмасу үшін Қазақстан астанасында бас қосып отырмыз. Қазіргідей бүкіл әлемді шарлаған экономикалық дағдарыс жағдайында өтіп жатқан бұл форумның маңызы зор деп білемін. Біздің халқымызда «қамданған қапы қалмайды» деген мақал бар. Осы орайда, басқосуымызда қоғамды толғандырып жүрген мәселелерді шешу жолдарын бірлесе отырып қарастырамыз деп ойлаймын. Бүгін ІІ Астаналық Экономикалық форум жұмысы табысты өтеді деп сенемін», - деді Елбасы.
Соңғы жаңалықтар