Елбасы: Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз
«Қымбатты отандастар, қадірлі қауым! Қазақстан халқы Ассамблеясының 21-ші сессиясының ашылуымен баршаңызды шын жүрегіммен құттықтаймын. Ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөз бар. Бүгінгі сессияның өзегі бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет тіршіліктің тірегі. Ортақ игіліктің ұлықталып ұлы істерге ұйымдастырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім бәрінің тамыры мәдениетте», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысының пайымынша, 21-ші ғасырдың ең басты заңы татулық. Татулық пенен тыныштық арқылы экономика өсіп, халықтың әл-ауқаты күшейеді, бейбітшілік орнайды.
«Келісім экономика мен саясаттың қауіпсіздігіндегі өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениетьі мәңгілік болуы керек», - деді Елбасы.