Елбасы: Болашақ тек интеграциялық үдерістерді дамытудың арқасында мүмкін болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Интеграциялық үдерістерді тек тең мемлекеттер арасында ғана дамытуға болады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында айтты.
None
None

Мемлекет басшысы саяси тұрғыдан да, әлеуметтік-экономикалық жағынан да посткеңестік кеңістіктің біртексіздігіне назар аудартты. 

«Элитасы мен халқының тілеуі мен жағдайы бірдей мемлекеттер - Ресей, Қазақстан, Беларусь Кеден одағын құрды. Оның пайдасы бірден байқалды. Осы екі жылдың ішінде тауар айналымы артуда. Ресеймен тауар айналымының ең жоғары деңгейіне - 24 млрд АҚШ доллары көлеміне қол жеткіздік, бұл Қазақстанның барлық тауар айналымының 20%-ы», - деді Н.Назарбаев.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы келісімнің күшіне енгенін еске салып өткен Мемлекет басшысы: «Біздің міндетіміз осы бірігуді асықпай, аптықпай, қалыпты жағдайда түйсіну, бәрі мұның тең құқылы бірігу екеніне көз жеткізулері керек», - деп атап өтті.

Елбасы бірыңғай экономикалық кеңістіктің «еркін әрі барлығы үшін мөлдір» болатынын айтты.

«Еуразиялық одақ, Кеден одағы не үшін керек? Қалыпты даму үшін көршілес ел де қалыпты, тыныш болуы керек. Ал біріккенде мемлекеттің тәуелсіздігін нығайтып, мемлекеттер арасында біріккен қорғанысты бекітуге, экономика үшін нарыққа арналған кең кеңістікті құруға жағдайлар туындайды», - деді Н. Назарбаев.

Болашақ тек интеграциялық үдерістердің дамуының арқасында мүмкін болады, деп атап өтті Мемлекет басшысы.

«ЕАЭО-қа мүше елдердің зор артықшылықтары бар. Біріншіден, бізде Еуропадағыдай тілдік кедергі жоқ. Түйіндей айтқанда, біздің тарихымыз, менталитетіміз ортақ, әзірге біздің ұрпақтың таныстарымыз да ортақ. Келесі жастар ұрпағы бір-бірін білуілері, қалаған жерлерінде білім алулары үшін, біздің жастарымыз алдыңғы ұрпақтың жасағандарын әрі қарай жалғастырулары үшін мұны үзбеу керек», - деп түйіндеді Н. Назарбаев.

 

Соңғы жаңалықтар