15:04, 07 Сәуір 2010 | GMT +5
Елбасы БҰҰ Бас хатшысын бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады
әуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мунды бірінші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.
Президент бұл орденді мәртебелі мейманға бүгін Ақордада табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Келіссөздерден кейінгі брифингте Нұрсұлтан Назарбаев Пан Ги Мунге бірінші дәрежелі «Достық» ордені жаһандық деңгейдегі бейбітшілікті, әлеуметтік әділеттілікті және тұрақты дамуды ілгерлетуге айырықша үлес қосқаны үшін берілгенін атап көрсетті.