Елбасы Джейкоб Зуманы ОАР Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Джейкоб Зумаға Оңтүстік Африка Республикасының Президенті
None
None

лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды. Д.Зума басқаратын партияның сайлаудағы жеңісі заңдылық екенін атап өткен Қазақстан Президенті таяу уақыттарда ОАР әлеуметтік-экономикалық даму жолында бұдан да зор нәтижелерге жетіп, халықаралық аренада өз беделін нығайтатынына сенім білдірген.

«Қазақстан Республикасы Оңтүстік Африка Республикасымен арадағы байланыстарды әрі қарай тереңдетуге, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастарды жаңа деңгейге шығаруға мүдделі», - делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Д.Зумаға мықты денсаулық, жауапты қызметінде табыс, ал достас ОАР халқына бақ-береке тілеген.

Соңғы жаңалықтар