Елбасы ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы заңға қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республиканың Конституциясы мен заңдарында бекітілген әлеуметтік саладағы мемлекет кепілдік берген
азаматтардың құқықтарын іске асыруды қамтамасыз ететін ең төмен әлеуметтік стандарттардың негізін айқындайтын «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.