Елбасы Эстон Республикасының Премьер-министрін қабылдады
деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметінен.
Әңгіме барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың даму перспективасы талқыланды. Ынтымақтастықтың белсенділігін арттыру қажеттігі атап көрсетілді. Сондықтан да, кездесу барысында атап көрсетілгендей, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстан-эстон үкіметаралық комиссиясын құруды жеделдету маңызды.
Ынтымақтастықтың ең перспективалы бағыттары энергетика, ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, құрылыс индустриясы, ағаш өңдеу өнеркәсібі, логистикалық қызметтер болып табылады. Ауыл шаруашылығы саласында да Қазақстан мен Эстонияның ынтымақтастығының әлеуеті зор.
- Мен Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа біздің Президентіміз Томас Хендрик Ильвестің сәлемін және Эстонияға шақыруын жеткіздім. Нұрсұлтан Назарбаев Эстонияда өте танымал және құрметті сіздің елдің көшбасшысы», - деді журналистерге арналған брифингте Андрус Ансип.