Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы Германия кәсіпкерлерін Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысуға шақырды

АСТАНА. Шілденің 18-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан қазақстан-неміс бизнес форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев германиялық кәсіпкерлерді Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасына белсенді түрде қатысуға шақырды.

Елбасы Германия кәсіпкерлерін Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасына қатысуға шақырды

«Біз әрқашан Германия Федеративтік Республикасын еліміздің «Еуропаға жол» бағдарламасын іске асырудағы маңызды әріптес ретінде қарастырдық. Біз ойға алған бұл бағыттар Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық даму бағдарламасының аясында да жалғасын табады деп үміттенеміз. Біз Германия кәсіпкерлерін Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын іске асыруға белсенді түрде қатысуға шақырамыз», - деді бизнес форумда Н.Назарбаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы біздің еліміздің Кедендік одаққа кіруіне байналысты Қазақстанда Германия үшін жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар ашылғанын атап керсетті.

«Осы жылдан бастап біз Ресей және Беларуспен бірге Кедендік Одаққа кірдік. Бұл нарықта 170 млн. адам бар. Оның ішкі жалпы өнімі 1,8 триллион долларды құрайды. Біз алдымызға қосылған құны жоғары өнімдерді шығаратын кәсіпорындарды құру жөнінде мақсат қойып отырмыз. Яғни, Қазақстанда құрылатын кәсіпорындардың кедендік бақылаусыз ортақ кедендік одақта нарығы болады», - деді Елбасы.