Елбасы «Каспий энергетикалық хабы» жобасын жүзеге асырушыларды қабылдады

АСТАНА. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Әлемдік қаржы дағдарысына қарамастан «Каспий энергетикалық хабы» жобасын жүзеге асыруға дайынбыз.
None
None
Бұл туралы бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қабылдауында болған осы жобаға қатысушы инвесторлар өкілдерінің бірі Вахан Заноян мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталған жоба бойынша инвесторлардың Қазақстанға сапарын үлкен маңыздылыққа балап отырғанын жеткізген Мемлекет басшысы: «Сіздерді қызықтырып отырған «Каспий энергетикалық хабы» жобасын ел басшылығындағы қызметкерлер барлық мәселелер бойынша қабдылдап отыр. Осыған байланысты Самұрық-Қазына қорымен келіссөздер жүргізілді. Аталған жобаны жүзеге асыруды Қазақстан саяси тұрғыдан қолдайды», - деді. Өз кезегінде В.Заноян, жоба аясындағы жұмыстар аяқталғанын жеткізді. «Дағдарысқа қарамастан, біз бұл ауқымды жобаны жүзеге асыруға дайынбыз», - деді ол.
Соңғы жаңалықтар