11:52, 14 Қазан 2015 | GMT +5
Елбасы: Қазақстан Иорданиямен өзара тиімді ынтымақтастықты ұлғайтуға мүдделі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Иорданиямен өзара тиімді ынтымақтастықты ұлғайтуға мүдделі. Бүгін Ақордада бірқатар шетел Елшісінен сенім грамотасын қабылдаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.

«Біз Иорданиямен өзара тиімді ынтымақтастықты ұлғайтуға мүдделіміз. Екіжақты қарым қатынастар, ынтымақтастық барлық бағыттар бойынша жүйелі дамып келеді. Жоғары деңгейде сенімді диалог орнықтырдық. Біз Иорданияға Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына ұдайы қолдау көрсетіп, елімізде өткізілген барлық халықаралық шараларға тұрақты қатысып келе жатқаны үшін шынайы алғысымызды айтамыз», - деді Н.Назарбаев.
Сонымен қатар Елбасы өз сөзінде Король екінші Абдолла биылғы маусымда өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бесінші съезіне қатысқаны үшін зор ризашылығын білдіріп өтті.
«Біз түрлі салаларда ынтымақтастықты жолға қоюға, екі ел халқының игілігі үшін бірлескен жобаларды іске асыруға дайынбыз», - деді Мемлекет басшысы.