Елбасы Қазақстан мен Түркияның бірлескен экономикалық бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан мен Түркияның бірлескен экономикалық бағдарламасын әзірлеуді ұсынды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Келіссөздер барысында мен құрметті әріптесіме «Жаңа синергия» атты Қазақстан мен Түркияның экономикалық бағдарламасын әзірлеуді ұсындым», деді Н.Назарбаев бүгін Ақордада Түркия Президенті Абдолла Гүлмен болған кездесуден кейінгі баспасөз мәслихаты барысында.

ҚР Президенті баспасөз қызметінің мәліметінше, бірлескен бағдарлама Қазақстанды индустрияландырудың жаңа жоспарларының орындалуына түріктік инвесторлардың нақты жобаларын енгізуді қарастырады.

Соңғы жаңалықтар