Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Елбасы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін Пәкістанға жеткізу мәселесін қарастыруды ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Пәкістанмен арадағы саяси-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделі. Бүгін Ақордада Қазақстандағы бірқатар елдердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті.

Елбасы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерін Пәкістанға жеткізу мәселесін қарастыруды ұсынды

«Қазақстан Пәкістанды Оңтүстік Азиядағы маңызды, перспективалы серіктес ретінде қарастырады. Біз бұл елмен арадағы саяси-экономикалық байланыстарды кеңейтуге мүдделіміз. Қазақстан астық және ауыл шаруашылығы өнімдерін ірі көлемде өндіретін ел. Сондықтан Пәкістанға еліміздегі өнеркәсіп өнімдерін жеткізу мәселесін қарастыруымызға болады», - деді Елбасы,

Сонымен қатар, Президент Қазақстан тарапы Пәкістанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне, Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлері съезіне, Астана экономикалық форумына белсенді қатынасуын жоғары бағалайтындығын атап өтті.