Елбасы Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елбасы Қазақстан Республикасының халық әртісі Жәния Әубікәрованы қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Елбасы Қазақстанның халық әртісі Жәния Әубәкірованы қабылдады

Кездесу барысында Ж.Әубәкірова Нұрсұлтан Назарбаевқа қазіргі қызметі туралы айтып, алдағы кезеңге шығармашылық жоспарларымен бөлісті.

– Сіз өнерде толағай табысқа қол жеткізген елімізге танымал тұлғасыз. Әйелдер арасында Бейбітшілік және прогресс сыйлығын алған бірден-бір адамсыз. Біздің мәдениетімізді әлем елдеріне насихаттадыңыз. Біліміңіз және тәжірибеңізбен өскелең ұрпақпен бөлісуді жалғастыра беріңіз, - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.