Елбасы кітапханасы - елордалық балалар үйінде

Шараны «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымы «Нұр Отанның» «Бақытты балалық шақ» жобасына қолдау ретінде ұйымдастырды. Партия мүшелері осы тектес іс-шаралар арқылы жетім балалар мәселелеріне жұртшылық назарын аударуды көздеп отыр.
Елбасы кітапханасы «Бар жақсылық - балаларға» акциясы аясында балалар үйі тәрбиеленушілерімен алдағы уақытта да байланысты үзбеуге мүдделі. Мекеме тек материалдық көмек ұсынуды емес, олардың рухани-мәдени тәрбиесі мен дамуына ықпалдасуды жұмыс жоспарына енгізді.
Іс-шараның мән-маңызы туралы пікір білдірген «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының хатшысы Құралай Шайкенова : «Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының өзегі қоғамдық келісім, ізгілікке үндеу екені белгілі. Біз осынау қадамымызбен қоғамда рухани құндылықтар бағалана түсуіне үн қосқымыз келді», - деген пікірін білдірді.
Кітапхана қызметкерлері балалар үйіне спорттық киімдер, спорттық ойындар қажеттіліктері мен Елбасы туралы кітаптар сыйға тартты.