16:02, 11 Қазан 2013 | GMT +5
Елбасы КО мен БЭК аясындағы қазақстандық келіссөзшілердің деңгейін арттыруға тапсырма берді
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы қазақстандық келіссөзшілердің деңгейін арттыруға тапсырма берді.

«Біздің келіссөз жүргізушілердің деңгейін арттыру қажет. Қазір біз мұны Премьер-Министрдің бірінші орынбасарына тапсырдық. Бізге оған Қазақстанның мүддесін қорғайтын адамдарды сапалы іріктеуде нақты механизм әзірлеуге көмектесу қажет», - деді ҚР Президенті.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Премьер-Министрдің ықпалдастықтың қалай жүргізіліп жатқандығын, Ресейде, Беларусьта, Қазақстанда не орын алып жатқандығын бақылап отыруы қажеттігін баса айтты.
Бұдан бөлек Елбасы Қазақстан қай мәселеде ұтылып, қай мәселеде ұтылатындығына прагматикалық экономикалық есеп пен сараптама жүргізу қажеттігін атап өтті.