Елбасы Мәскеуге жұмыс сапарымен барды
bsp; Ақпанның 15-і. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Мәскеуге барды,
деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметінен.
Сапар аясында Елбасы Н.Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен кездесу өткізді.
Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынас мәселелері, атап айтқанда экономикалық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық өзекті мәселелерді талқылады.