Елбасы мен Еуропалық комиссияның Төрағасы Қазақстанның ДСҰ-ға кіруінде ЕО тарапынан көрсетілетін қолдауды талқылады

«Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы жаңа келісімді тезірек қабылдау мәселесін қарастырдық. Бұдан кейін де екі елдің арасында шешілмеген мәселелер бар», - деді бүгін Ақордада Жозе Мануэль Баррозумен кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз мәлімдемесінде Елбасы Н. Назарбаев.
Мемлекет басшысының атап өтуінше, кездесу барысында Қазақстанның ДСҰ-ға өтуі мәселесінде Еуропалық одақ тарапынан қолдау көрсету, Қазақстандық ұшақтардың Еуропа кеңістігінде ұшуына қарсылық жасамау, елімізге виза мәселесінде де жеңілдіктер жасау келісілген.
«Оның ішінде екі елдің арасындағы гуманитарлық, жастардың білім алуы, жалпы барлық саладағы мәселелерге және халықаралық, өңірлік түйіткілдерге көңіл бөлдік», - деді ҚР Президенті.